«Ертіс» Жұмасқалиевтің отставкасынан кейін жаңа бас бапкерді тағайындады
Бөлісу

ҚФФ
Нұрбол Жұмасқалиев қызметінен кеткеннен кейін команданың тізгінін қазақстандық маман Марат Еслямов ұстады.
Жаңа бапкермен бірге жұмысқа Иван Азовский де қосылды. Тәжірибелі маман отандық футболды жақсы біледі. Ол бұған дейін Қазақстанның бірнеше клубында еңбек еткен, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабының құрамында болған.