ФИФА Майкл Олизенің сары қағазын жоюдан бас тартты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам ФИФА Франция футбол федерациясының жартылай қорғаушы Майкл Олизеге көрсетілген сары қағазды жою туралы апелляциясын қабылдамағанын растады.

Еске салайық, Олизе 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайға қарсы матчтың соңғы минуттарында Матиас Галарсамен болған жекпе-жектен кейін ескерту алған.

«Сары қағазға қатысты ештеңе өзгерген жоқ. Бүгін таңертең біз ФИФА-дан хабарлама алдық», – деді Дешам.

Айта кетейік, бұған дейін ұйым АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға көрсетілген қызыл қағаздың күшін жоюға көмектескен болатын. Соның нәтижесінде ол Бельгияға қарсы матчқа (1:4) қатысып, алайда нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Олизе осы мундиалда Франция құрамасының барлық матчтарына қатысып, бес нәтижелі пас берді.

2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасы Мароккомен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жартылай финалда Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.