«Финалға дейін босаңсуға болмайды»: Айбек Оралбай Нарендерді жеңгені туралы айтты

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Айти-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында шешуші жекпе-жекке жолдама алды.
90 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда Қазақстан өкілі Үндістан боксшысы Нарендерді жеңді.
Жекпе-жектен кейін Оралбай өз өнері туралы пікір білдіріп, кездесуде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.
«Турнир аяқталды деп айтуға әлі ерте. Алда финал бар. Сондықтан қазір ең бастысы – назарды жоғалтпай, толық күшпен жұмыс істеуді жалғастыру.
Нарендер оңай қарсылас болған жоқ. Бұған дейін ресми жарыстарда кездеспегенбіз, бірақ жаттығулар кезінде спарринг өткізгенбіз. Жартылай финалда тактикалық жоспарымды орындап, сапалы бокс көрсетуге мүмкіндік алдым. Ол өте мықты әрі тәжірибелі спортшы. Оның үстіне Азия ойындарының жүлдегері атанған.
Мен қазіргі әлем чемпионымын және бұл Азия ойындарында Ливерпульдегі әлем чемпионатына қарағанда жақсырақ өнер көрсетіп жатырмын деп есептеймін.
Енді финалда одан да жақсы өнер көрсетіп, бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын. Сондай-ақ Махмудқа, Төреханға және ертең рингке шығатын қыздарымызға сәттілік тілеймін», – деді Оралбай «Qazsport» арнасына берген сұхбатында.
90 келіден жоғары салмақтағы финалдық жекпе-жек 2 қазанда өтеді. Қазақстандық боксшы Азия ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады.