Фоларин Балогун әлем чемпионатында Зиданның жетістігін қайталады

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогун әлем чемпионаттары тарихындағы сирек кездесетін жетістікті қайталады.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаға қарсы өткен кездесуде (2:0) шабуылшы 45-минутта есеп ашып, екінші таймда қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Opta мәліметінше, Балогун плей-офф кезеңіндегі бір матчта әрі гол соғып, әрі қызыл қағаз алған әлем чемпионаттары тарихындағы төртінші футболшы атанды. Мұндай көрсеткішке алғаш болып 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Зинедин Зидан қол жеткізген.

Енді 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ құрамасы Бельгиямен кездеседі. Матч 7 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 05:00-де басталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.