Франция – Ирак матчының тікелей трансляциясы
Бөлісу

Фото: FFF
I тобындағы кездесу 23 маусым күні Филадельфия қаласындағы Lincoln Financial Field стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz телеграм-арнасынан тікелей мәтіндік трансляция арқылы бақылауға болады.
Еске салайық, бірінші турдан кейін Франция мен Норвегия құрамалары үш ұпайдан жинап, I тобында көш бастап тұр. Ал Ирак пен Сенегал әзірге ұпай еншілей алған жоқ.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысуда.