«Фулхэм» «Реал» ойыншысын қатарға қосты

Бегасыл Амирбай ··
«Фулхэм» ФК

«Фулхэм» ФК

Англияның «Фулхэм» клубы Мадридтің «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Сесар Паласиостың ауысқанын ресми түрде хабарлады.

Испаниялық хавбекпен келісімшарт 2030/31 жылғы маусымның соңына дейін жасалған. Сонымен қатар келісімде тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Transfermarkt мәліметінше, лондондық клуб бұл трансфер үшін 10 миллион еуро төлеген. Алайда «Реал» футболшыны болашақта сатудан түсетін қаржының 30 пайызын алу құқығын сақтап қалды.

Бұған дейін «Фулхэм» «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Гонсало Гарсияны да таныстырған болатын. Айта кетейік, осы маусымнан бастап команданы мадридтік клубтың бұрынғы жаттықтырушысы Альваро Арбелоа басқарады.

Өткен маусымда Паласиос «Кастилья» сапында 32 матч өткізіп, 15 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Ал «Реалдың» негізгі командасы үшін алты кездесуге қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

«Фулхэм» «Реал» ойыншысын тағы да қатарға қосты – sport-hub