«Фулхэм» бас бапкер қызметіне Арбелоаны қарастырып жатыр
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Фулхэм» клубы лондондық команданың бұрынғы бас бапкері Марку Силва кеткеннен кейін Альваро Арбелоамен келіссөз жүргізді.
The Athletic басылымының мәліметінше, ағылшын клубының басшылығы испаниялық маманды бос тұрған қызметке негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Марку Силва «Фулхэмде» бес жыл жұмыс істеп, кейін португалиялық «Бенфика» клубының тізгінін ұстады.
Еске салайық, бұған дейін мадридтік «Реал» Альваро Арбелоаның бас бапкерлік қызметтен кеткенін ресми түрде хабарлаған болатын. Испаниялық маман команданы 2026 жылдың қаңтарынан бері жаттықтырды.
Өткен маусымда «Фулхэм» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 38 матчтан кейін 52 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.