Гуиридің дублі Алжирге Боливияны ірі есеппен жеңуге көмектесті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Алжир құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жолдастық кездесуінде Боливияны 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Лоренс қаласында өткен матчта есеп бірінші таймның соңына қарай ашылды. 43-минутта Айсса Манди мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда «Марсельдің» шабуылшысы Амин Гуири үш минуттың ішінде дубль авторы атанды. Ол 56 және 58-минуттарда қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ал 61-минутта Анис Хаджи Мусса кездесудің соңғы голын соқты.

Алжир құрамасы әлем чемпионатында J тобында өнер көрсетеді. Африкалық ұжымның қарсыластары — Аргентина, Австрия және Иордания құрамалары.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.