Габриэль Ландеског НХЛ тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: НХЛ

Фото: НХЛ

«Колорадо Эвеланш» клубының капитаны Габриэль Ландеског бір маусымда бірден екі беделді НХЛ марапатын жеңіп алған алғашқы хоккейші атанды.

Швециялық ойыншыға спорттық шеберлігі мен хоккейге адалдығы үшін берілетін «Билл Мастертон Трофи» табысталды. Сонымен қатар ол мұз айдынындағы және одан тыс жердегі көшбасшылық қасиеттері үшін берілетін «Марк Мессье Лидершип Эворд» сыйлығын да иеленді.

2025/26 жылғы маусымда Ландеског тұрақты чемпионатта 60 матч өткізіп, 35 ұпай жинады. Оның еншісінде 14 гол мен 21 нәтижелі пас бар.

Ал плей-офф кезеңінде шабуылшы 13 кездесуде алты гол соғып, бес нәтижелі пас беріп, 11 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, «Колорадо» биыл Стэнли кубогының жартылай финалында «Вегас Голден Найтсқа» серияда 0:4 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.