Гана құрамасы матч соңында жеңісті уыстан шығарып алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: GFA

Фото: GFA

Гана құрамасы Уэльспен өткен жолдастық матчта жеңіске жете алмай, қосымша уақытта гол өткізіп алды. Кардифф қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Есепті матчтың 66-минутында Гана құрамасының жартылай қорғаушысы Калеб Йиренки ашты. Алайда алаң иелері матчқа соңына қосылған үшінші минутта жеңілісті есептен құтылып үлгерді. Уэльс сапынан Льюис Кумас мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Гана құрамасы L тобында Англия, Хорватия және Панама құрамаларымен бірге өнер көрсетеді. Әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Гана құрамасы матч соңында жеңісті уыстан шығарып алды – sport-hub