Гауфф Бадосадан реванш алып, АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті

Фото: Jimmie48
Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Америкалық теннисші екінші кезеңде испаниялық Паула Бадосаны (WTA рейтингінде 87-орын) жеңді.
Матч тура екі сағатқа созылып, Гауффтың 6:4, 7:6 (7:5) есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Гауфф матч барысында 3 эйс жасап, 5 рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Бадоса 3 эйс жасап, 6 рет қос қателікке жол берді және брейк жасауға берілген 5 мүмкіндіктің екеуін жүзеге асырды.
Жеке кездесулер тарихында Бадоса әлі де алда — 5:4. Испаниялық теннисші бұған дейінгі екі кездесуде де жеңіске жеткен. Соның бірі маусым айында Берлинде өткен WTA-500 турнирінде болды. Ол кезде Бадоса 1:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
Үшінші айналымда Гауфф әлемнің 40-ракеткасы Кристина Букшамен кездеседі. Испаниялық теннисші бұл кезеңге жапониялық Химэно Сакацумэні жеңу арқылы өтті. Гауфф пен Букша бұған дейін бір рет кездескен. 2023 жылы Индиан-Уэллс турнирінде америкалық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жеткен.
АҚШ ашық чемпионаты-2026 Нью-Йоркте 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы — өткен жылғы финалда Аманда Анисимованы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңген Арина Соболенко.