Гейджи Топурияны жеңгені туралы пікір білдірді

Фото: Getty Images
Джастин Гейджи UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде Илиа Топурияны жеңіп, жеңіл салмақта жаңа чемпион атанды. Жекпе-жектен кейін америкалық спортшы қарсыласының қаншалықты қауіпті екенін алғашқы минуттардан-ақ түсінгенін айтты.
Гейджи жанкүйерлерге алғыс айтып, жекпе-жек алдында өзіне жеңілмеймін деп уәде бергенін жеткізді.
«Барлық күш құрылымдарының қызметкерлеріне рахмет. Келгендеріңіз үшін рақмет. Қолдауларыңызға алғыс айтамын. Құдайға да шүкір. Мен бұл мүмкіндік үшін дұға еттім. Уау. Топурия шынымен керемет. Бірінші раундта-ақ маған өте қиын болатынын түсіндім. Бірақ үшінші раундта жеңе алатынымды сезіндім. Ал төртінші және бесінші раундтарда үстем болуым керек еді. Ол менің бауырыма қатты соққы жасады.
Бірақ бұл жерде, бәлкім, менің әкемнің неміс қаны әсер еткен шығар, ол маған берілмеуге күш берді. Мен UFC-ді алғашқы күннен бастап қарап келемін. Мен бұл ұйымның жанкүйерімін. Бүгін чемпион атанғаныма қуаныштымын. Мен өзіме бүгін еш жағдайда жеңілмеймін деп уәде бердім. Мен жай ғана жеңіле алмадым. Енді мен жақындарыммен сөйлесіп, әрі қарай не істеу керегін шешуім керек», – деді Гейджи жекпе-жектен кейін.
Жекпе-жек төртінші раундтан кейін аяқталды. Топурия командасы көзіндегі мәселе себебінен өз спортшысын соңғы бес минуттық раундқа шығарудан бас тартты. Бұл титул Джастин Гейджи үшін UFC жеңіл салмақтағы алғашқы толық чемпиондық белбеу болды, ал Илиа Топурия кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.