Илия Топурия мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады

Фото: Chip Somodevilla / Getty Images
Испания атынан өнер көрсететін грузин файтері Илия Топурия (17-0) мен америкалық Джастин Гэтжи (27-5) Вашингтонда (АҚШ) Ақ үй аумағында өткен UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесті.
Топурия жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін қорғап шықты, ал Гэтжи бұл дивизионның «уақытша» чемпионы атағын иеленген болатын. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған еді, бірақ соңғы раундқа жетпей, айқас сенсациялық түрде Джастиннің пайдасына аяқталды. Себебі Илия соңғы раундқа шықпай қалды. Осылайша Гэтжи мансабындағы 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, өз титулын қорғап қалды, ал Топурия ММА-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Ақ үйдегі турнирдің қосалқы басты жекпе-жегінде Бразилия өкілі Алекс Перейра (13-4) мен француз файтері Сирил Ган (14-2) UFC ауыр салмақтағы «уақытша» чемпиондық атақты сарапқа салды. Ган екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.