Джош Хокит Ақ үйдегі UFC турнирінде Деррик Льюисті жеңді

Фото: Jeff Bottari / Zuffa LLC / Getty Images
Джош Хокит UFC Freedom 250 турнирінде Деррик Льюистен басым түсті. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Турнир Вашингтон қаласында Ақ үй алдындағы алаңда өтіп жатыр.
Хокит жекпе-жектің басынан бастап басымдық танытты. Екінші раундта Джош бірнеше дәл соққы жасап, қарсыласын канвасқа құлатты. Осы сәттен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Хокиттің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Еске сала кетейік, кештің басты оқиғасы жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек болмақ. Онда қазіргі чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен кездеседі.
Ал қосалқы басты жекпе-жекте Алекс Перейра Сириль Ганмен ауыр салмақтағы уақытша UFC чемпионы атағы үшін айқасады. Жалпы UFC Freedom 250 турнирі аясында жеті жекпе-жек жоспарланған.