Маурисио Руффи UFC Freedom 250 турнирінде Майкл Чендлерден басым түсті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Chris Unger / Zuffa LLC / Getty Images

Фото: Chris Unger / Zuffa LLC / Getty Images

Маурисио Руффи UFC Freedom 250 турнирінде Майкл Чендлерді жеңді. Жекпе-жек бірінші раундтың аяқталуына 31 секунд қалғанда тоқтатылды.

Жекпе-жек барысында бразилиялық спортшы октагондағы жағдайды толық бақылауда ұстады. Бірінші раундтың ортасында Руффи айналдыра теуіп Чендлерді есеңгіретіп, артынша бірнеше мәрте дәл соққылар жасады. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, кездесуді аяқтады.

Еске сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен кездеседі.

Ал қосалқы басты айқаста Алекс Перейра Сириль Ганмен ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады. Жалпы UFC Freedom 250 турнирі аясында жеті жекпе-жек жоспарланған.