Бо Никал UFC Freedom 250 турнирінде Кайл Дакасты бірінші раундта жеңді
Бөлісу

Фото: UFC
Никал қарсыласын дәл соққылар комбинациясымен нокдаунға түсіріп, кейін жердегі соққылармен басымдық көрсетті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, америкалық спортшының жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Диего Лопес америкалық Стив Гарсияны екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен кездеседі. Ал басты айқаста Алекс Перейра Сириль Ганмен ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Жалпы турнирде жеті жекпе-жек жоспарланған.