Шон О’Мэлли UFC Freedom 250 турнирінде Захабиді екінші раундта жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jeff Bottari / Zuffa LLC / Getty Images

Фото: Jeff Bottari / Zuffa LLC / Getty Images

Шон О’Мэлли UFC Freedom 250 турнирінде Айманн Захабиден басым түсті. Жекпе-жек америкалық спортшының дәл соққылар сериясынан кейін екінші раундта аяқталды.

Екінші раундта О’Мэлли нәтижелі шабуыл жасап, бірнеше соққымен Захабиді теңселтіп жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, америкалықтың мерзімінен бұрын жеңісін тіркеді.

Еске сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен кездеседі.

Ал қосалқы басты айқаста Алекс Перейра ауыр салмақтағы уақытша чемпионық атағы үшін Сириль Ганмен жекпе-жек өткізеді. Жалпы UFC Freedom 250 турнирі аясында жеті жекпе-жек жоспарланған.