Сириль Ган UFC-тің ауыр салмақтағы уақытша чемпионы атанды
Бөлісу

Фото: Jeff Bottari / Zuffa LLC / Getty Images
Сириль Ган UFC Freedom 250 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Алекс Перейраны жеңді. Айқас екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, француз файтері ауыр салмақтағы уақытша чемпион атанды.
Екінші раундта Ган дәл соққылар сериясын өткізіп, Перейраны есеңгіретіп тастады. Кейін үздіксіз соққы жасаған сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осы жеңістің арқасында француз спортшысы UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуін иеленді.
Еске сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен біріктірілген титул үшін кездеседі.