Геннадий Головкин Софияда бокстан Еуропа чемпионатына келді

Фото: Getty Images
World Boxing президенті, кәсіпқойлар арасында бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Болгария астанасы Софияға барды. Қазір мұнда бокстан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстандық маманның сапары туралы Болгария бокс федерациясы хабарлады. Ұйым әлеуметтік желідегі парақшасында Головкиннің ұлттық федерация президенті Красимир Ининскимен бірге түскен суретін де жариялады.
Головкин Еуропа чемпионатының арнайы қонағы ретінде шақырылған. Сапары аясында ол «Асикс» аренасында өтетін жарыстың ашылу салтанатына қатысады.
Биылғы Еуропа чемпионаты халықаралық бокс үшін ерекше маңызға ие. Софиядағы турнир алғаш рет World Boxing құрылымына кіретін Еуропалық конфедерация — European Boxing басшылығымен ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, жарысқа 40 ұлттық федерациядан 400-ден астам спортшы қатысуда. Боксшылар ерлер және әйелдер арасындағы бәсекеде Еуропа чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.