Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарында бесінші орын алды

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізе алмады.
66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде ол Қытай өкілі Сюэ Цзыянмен кездесті. Негізгі уақыт нәтижесіз аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта — «golden score» кезеңінде анықталды. Шешуші сәтте қытайлық дзюдошы «юко» бағасын алып, жеңіске жетті және қола медаль иеленді.
Қырғызбаев жартылай финалдағы жеңілістен кейін қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Жартылай финалда оның қарсыласы қазақстандық тегі бар моңғолиялық дзюдошы Ёлк Қазырбек болды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан бұған дейін Елдос Сметов күміс медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Абиба Абужакынова Азия ойындарында қатарынан екінші рет күміс жүлдегер атанды.