Басты бет
·
АО-2026

Игнатова 2026 жылғы Азия ойындарының финалында алтыншы орынға ие болды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстан құрамасының жүзушісі Ксения Игнатова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 100 метрге шалқалап жүзу жарысының финалына қатысты.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 1,12 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға ие болды.

Жарыста Қытай өкілі Пэн Сюйвэй 59,30 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Күміс медальды жапониялық Рио Сираи 59,89 секунд көрсеткішімен иеленді. Ал қола жүлде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Сынвонға бұйырды. Ол қашықтықты 1 минут 0,10 секундта аяқтады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.