Басты бет
·
АО-2026

Гимнастикадан Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстанның ерлер арасындағы спорттық гимнастика құрамасы Айти және Нагоядағы Азия ойындарында командалық көпсайысты төртінші орынмен аяқтады.

Финалда Қазақстан құрамасы 237,596 ұпай жинап, қола жүлдегерлерден 2,3 ұпайға қалып қойды. Команда сапында Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нұртан Идрисов және Ильяс Азизов өнер көрсетті.

Алтын медальді 255,095 ұпай жинаған Қытай құрамасы жеңіп алды. Жапония 254,026 ұпаймен екінші орынға ие болып, жеңімпаздан 1,069 ұпайға қалып қойды. Қола жүлде Қытай Тайбэйінің гимнасттарына бұйырды (239,896 ұпай).

Милад Карими үшін Азиададағы жарыс әлі жалғасады. Қазақстандық гимнаст еркін жаттығу және кермедегі жаттығу бойынша финалға шықты. Іріктеу кезеңінде ол аталған бағдарламалардан тиісінше 13,833 және 13,133 ұпай жинады.

Қазақстан құрамасының қалған спортшылары жекелеген снарядтар бойынша шешуші кезеңге өте алмады.