Қазақстан құрамасы хоккейден Тайбэйден жеңілді

Фото: Сали Сабиров
Қазақстанның допты хоккейден әйелдер құрамасы Айти және Нагоядағы Азия ойындарында Қытай Тайбэйінен 1:4 есебімен жеңілді.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Малайзиядан (0:5) және Оңтүстік Кореядан (0:7) жеңілген еді. Үшінші матчта ұлттық құрама турнирдегі алғашқы голын соққанымен, әлі де ұпай жинай алған жоқ.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 25 қыркүйекте Бангладешке қарсы өткізеді. А тобында Қытай, Оңтүстік Корея, Қытай Тайбэйі және Малайзия құрамалары да бар.
Қазақстандықтардың келесі қарсыласы Азия ойындарына Джакартада өткен іріктеу турнирі арқылы жолдама алған. Сәуір айында Бангладеш құрамасы Гонконгты 2:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққан және осылайша Азиа ойындарына қатысу құқығына ие болған.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.