Имавов Стриклендпен титулдық жекпе-жекті растады және кездесу күнін атады

Aibar Rysdaulet··
Фото: MMA Fighting

Фото: MMA Fighting

UFC-дің орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған Нассурдин Имавов келесі қарсыласы дивизионның қазіргі чемпионы Шон Стрикленд болатынын растады.

«Келесі жекпе-жегімнің күнін білемін және ол титул үшін өтеді», — деді француз жауынгері Парижде жанкүйерлермен кездесу кезінде.

Бұған дейін Стрикленд пен Имавов арасындағы жекпе-жектің ұйымдастырылып жатқаны және оның 12 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 335 турнирінің басты кездесуі болатыны хабарланған еді. Орта салмақтағы бұрынғы чемпион Хамзат Чимаев та Мәскеуде журналистермен сөйлесу барысында бұл ақпаратты растады.

Алдағы жекпе-жек Стрикленд пен Имавов арасындағы реванш болады. 2023 жылдың қаңтарында америкалық боксшы бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен французды жеңген. Сол жеңіс Стриклендке қатарынан екі жеңілістен кейін қайта серпілуге мүмкіндік берді.