Басты бет
·
Футбол

Инфантино әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын сату жөнінде құпия келіссөз жүргізген

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

ФИФА президенті Джанни Инфантино он ай бойы америкалық миллиардер Кушнерлер отбасымен футболдан әлем чемп

The Telegraph басылымының мәліметінше, келіссөздер 2025 жылдың қыркүйегінде Цюрихте басталған. Қараша айында Инфантино АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің кеңсесінде кездесу өткізген.

Осыдан кейін ФИФА басшысы оның бауыры Джошуа Кушнермен және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен байланысын жалғастырған. Кейінгі айларда кемінде тағы он кездесу ұйымдастырылған.

Жоба аясында FIFA Forward Enterprise (FFE) атты компания құру жоспарланған. Оған ФИФА-ның ең ірі турнирлерінің коммерциялық құқықтарын басқару міндеті жүктелуі тиіс болған.

Бизнестің жалпы құны шамамен 18 миллиард еуроға бағаланған. Ал компания акцияларының 20 пайызын жеке инвесторларға 4,2 миллиард долларға сату көзделген.

Негізгі инвестор ретінде Джошуа Кушнер негізін қалаған Thrive Capital компаниясы қарастырылған.

Алайда бұл бастама УЕФА мен ұлттық футбол федерацияларының қарсылығына тап болды. Олардың басты наразылығы келіссөздердің ашық жүргізілмеуіне және ФИФА-ның коммерциялық активтерінің бір бөлігін жеке инвесторларға беру жоспарына байланысты болған.

Нәтижесінде ФИФА шілде айының соңында келісімнен бас тартқан.

Айта кетейік, ФИФА президентінің сайлауы 2027 жылдың 18 наурызында Марокконың Рабат қаласында өтетін ұйымның 77-конгресінде ұйымдастырылады.

Инфантинодан бөлек, ФИФА президенттігіне үміткер болуға Франция футбол федерациясының президенті Филипп Диалло, Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті Кодзо Тасима және Швейцария құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рамон Вега ниет білдірген.

Инфантино әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын сату жөнінде құпия келіссөз жүргізген – sport-hub