«Ипсвич» Аргентина құрамасының футболшысын сатып алғысы келеді

Бекарыс Әлімхан··
«Байер» ФК

«Байер» ФК

«Ипсвич» «Байер» және Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Эсекиэль Паласиосты трансферлеу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Инсайдер Фабрицио Романоның ақпаратына сәйкес, 27 жастағы аргентиналық футболшы ағылшын клубының трансферлік мақсаттарының бірі болып қала береді. Бұған дейін «Байер» «Ипсвичтің» шамамен 20 миллион еуроны құраған алғашқы ұсынысын қабылдамаған. Леверкузендік клуб Паласиостың трансферлік құнын 35-40 миллион еуро шамасында бағалап отыр.

Паласиос 2020 жылдың қаңтарынан бері «Байер» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда аргентиналық футболшы жарақатына байланысты Бундеслигада 18 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Еске салайық, «Ипсвич» өткен маусымның қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасына қайта оралды. Клуб чемпионат басталар алдында құрамын күшейтуді жалғастырып жатыр. Команда АПЛ-дағы алғашқы матчын 22 тамызда «Сандерлендке» қарсы өткізеді.