Басты бет
·
MMA/UFC

Ислам Махачев жарақат алды: UFC чемпионының октагонға оралуы кейінге шегерілуі мүмкін

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің октагонға оралуы кейінге қалуы мүмкін. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ресейлік спортшы титулын кезекті қорғауға дайындық кезінде денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Осыған байланысты бразилиялық Карлос Пратеспен өтуі ықтимал жекпе-жек те күмән тудырып отыр. Бұл кездесу UFC 336 турнирінің басты жекпе-жегі ретінде қарастырылған еді.

Махачевтің жарақат алғаны туралы Violent Rounds порталы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, чемпион жарақат алғанымен, оның сипаты мен қалпына келу мерзімі әзірге белгісіз.

Осы ақпараттан кейін UFC ұйымдастырушылары 2027 жылғы 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтетін турнирдің басты жекпе-жегіне қатысты басқа нұсқаларды қарастыра бастағаны айтылды.

Алайда Махачевтің өзі де, UFC өкілдері де әзірге жарақат туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан спортшының жарақат алғаны жөніндегі ақпарат әзірге расталмаған.