Басты бет
·
Жеңіл атлетика

Ислам Салимов Пара Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Мейіржан Амангелдиев

Фото: Мейіржан Амангелдиев

Қазақстандық спортшы Ислам Салимов 2026 жылғы Пара Азия ойындарында жеңіл атлетикадан күміс жүлдегер атанды. Ол ұзындыққа секіруден T13 санатында екінші орын иеленді.

Қазақстандық спортшы 6,30 метр нәтижесін көрсетті. Алтын медальді 6,93 метрге секірген жапониялық Рёта Фунагага жеңіп алды. Өзбекстан өкілі Батыр Мұхамедов 6,24 метр нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, T13 санаты көру қабілеті бұзылған спортшыларға арналған. Бұл санатта T11–T13 топтарының ішінде көру қабілеті ең аз дәрежеде бұзылған атлеттер өнер көрсетеді.

Пара Азия ойындарындағы жеңіл атлетика жарыстары 19–23 қазан аралығында Нагоя қаласындағы Mizuho Park стадионында өтіп жатыр. Ал ойындар 24 қазанда аяқталады.