Махамбет Серікқалиев Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Мейіржан Амангелдиев
Қазақстандық спортшы Махамбет Серікқалиев 2026 жылғы Пара Азия ойындарында ядро итеруден қола медаль жеңіп алды. Ол F53 санатында үшінші орынға ие болды.
Серікқалиев 6,81 метр нәтижесін көрсетіп, жеке рекордын жаңартты. Алтын медальді 8,16 метрге ядро итерген үндістандық Аюш Верма жеңіп алды. Ирандық Әлиреза Хемами 8,09 метр нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, сәуір айында қазақстандық спортшы Марокконың Рабат қаласында өткен пара жеңіл атлетикадан Гран-при сериясының кезеңінде екі медаль жеңіп алған. Ол F53 санатында диск лақтырудан алтын, найза лақтырудан қола жүлдеге ие болды.
Еске салайық, Пара Азия ойындары Жапонияда 18–24 қазан аралығында өтеді.