Испания – Бельгия матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SFF

Фото: SFF

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Бельгиямен кездеседі.

Ширек финалдағы ойын 11 шілде күні АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай Стэдиум» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live режимінен бақылауға болады.

Еске салайық, Испания мен Бельгия құрамалары өз топтарында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Испания 1/16 финалда Аустрияны 3:0 есебімен, ал 1/8 финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Бельгия болса ширек финалға дейін Сенегалды 3:2, АҚШ құрамасын 4:1 есебімен ұтты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысуда.

Испания – Бельгия матчының тікелей трансляциясы – sport-hub