Бельгия футболшылары АҚШ-ты ойсырата жеңгеннен кейін Трамптың биін биледі

Бегасыл Амирбай ··
Фото: yahoo!sports / Getty Images

Фото: yahoo!sports / Getty Images

Бельгия құрамасының ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңген матчта төртінші голдан кейін Дональд Трамптың биін қайталады.

Ромелу Лукаку екінші таймға қосылған уақыттың үшінші минутында гол соққаннан кейін бельгиялық футболшылар АҚШ президенті Дональд Трамптың YMCA әні кезінде орындайтын қимылдарын қайталап, жеңісті ерекше атап өтті.

Бұл мерекелік әрекет матч алдында болған оқиғаларға меңзеу болды. Бұған дейін ФИФА-ның тәртіптік комитеті Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуде (2:0) қызыл қағаз алған Фоларин Балогунның дисквалификациясын алып тастап, оған Бельгияға қарсы ойынға қатысуға рұқсат берген еді.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың араласуынан кейін қабылданған. Бұл жағдай футбол жанкүйерлері мен мамандары арасында қызу талқыға түсті.

Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалында Бельгия құрамасы Испаниямен кездеседі. Матч 11 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.

Бельгия футболшылары АҚШ-ты ойсырата жеңгеннен кейін Трамптың биін биледі – sport-hub