Испаниялық маман Оңтүстік Корея құрамасының тізгінін ұстады
Бөлісу

«Сочи» ФК
Испаниялық маман Роберт Морено Оңтүстік Корея құрамасының уақытша бас бапкері болып тағайындалды.
48 жастағы маманның келісімшарты қараша айындағы халықаралық үзілістің соңына дейін есептелген. Морено командаға алты жолдастық кездесуде жетекшілік етеді. Осы ойындардан кейін футбол федерациясы тұрақты бас бапкер кандидатурасын анықтайды.
Бұған дейін Морено Испания құрамасын, «Монако», «Гранада» және «Сочи» клубтарын жаттықтырған.
Оңтүстік Корея құрамасы 2027 жылғы Азия кубогына дайындалып жатыр. Турнир Сауд Арабиясында өтеді.
Еске салайық, Оңтүстік Корея 24 қыркүйекте Эквадормен, 28 қыркүйекте Уругваймен, 2 қазанда Венесуэламен, ал 6 қазанда Өзбекстанмен кездеседі. Тағы екі жолдастық матч қараша айына жоспарланған.