Трабзондағы көшеге Мохамед Салахтың есімін беру жоспарлануда

Бекарыс Әлімхан··
«Трабзонспор» ФК

«Трабзонспор» ФК

Йомра муниципалитетінің билігі «Трабзонспор» шабуылшысы Мохамед Салахтың құрметіне көшеге оның есімін беруді жоспарлап отыр.

Йомра мэрі Мустафа Бийик тиісті ұсынысты қалалық кеңес қарайтынын мәлімдеді. Әңгіме мысырлық футболшының үйі орналасқан Кашюстю ауданындағы Сельви көшесі туралы болып отыр.

«Түрік футболы тарихындағы ең айтулы трансферлердің бірін жүзеге асырған Мохамед Салахтың біздің ауданымызда тұратынын мақтан тұтамыз. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді кезек — Салахта», — деп жазды Бийик.

Еске салайық, Салах «Ливерпульден» кеткеннен кейін «Трабзонспормен» екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Мысырлық футболшы бір маусымға 17 млн еуро жалақы алады. Сонымен қатар клуб оның аты жазылған өнімдерді сатудан түсетін табыстың 20 пайызын береді.

Трабзондағы көшеге Мохамед Салахтың есімін беру жоспарлануда – sport-hub