Канада – Босния және Герцеговина: ӘЧ-2026 матчын қайдан көруге болады?

Фото: Getty Images
13 маусымға қараған түні Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында кездеседі.
Матч Торонтодағы «БМО Филд» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:00-ге жоспарланған.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Матч алдында көрермендерді әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі күтеді. Ұйымдастырушылар мерекелік шоуларды турнирді қабылдап жатқан үш елде – Канада, АҚШ және Мексикада өткізуді жоспарлаған.
Кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан тікелей мәтіндік трансляция форматында бақылауға болады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін Босния және Герцеговина құрамасының сапындағы «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башичтің өнер көрсетуі ерекше қызығушылық тудырады.