Канада – Босния және Герцеговина матчының құрамдары жарияланды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

12 маусымнан 13 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының В тобының Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы матч өтеді.

Ойын Торонто қаласындағы «BMO Field» стадионында өтеді. Кездесудің бас төрешісі аргентиналық Факундо Тельо. Басталу уақыты Астана уақыты бойынша 00:00.

Екі команданың бапкерлері де бастапқы құрамдарын анықтап қойды.

Канада: Крепо, Ларьи, Джонстон, Корнелиус, Де Фужероль, Эуштакиу, Коне, Бьюкенен, Миллар, Дэвид, Олувасейи.

Босния және Герцеговина: Василь, Дедич, Катич, Мухаремович, Колашинац, Тахирович, Башич, Мемич, Байрактаревич, Демирович, Лукич.

«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башичтің негізгі құрамда алаңға шығуы ерекше назар аудартады.

Матчтың ең қызықты сәттерін Telegram желісіндегі Sport-hub.kz арнасынан тікелей эфирде бақылауға болады.

Екінші турда Канада құрамасы Қатармен (19 маусым), кейін Швейцариямен (24 маусым) ойнайды. Ал Босния және Герцеговина құрамасы турнирді Швейцарияға қарсы (18 маусым) және Катарға қарсы (24 маусым) матчтармен жалғастырады.