Оңтүстік Корея – Чехия матчының бейнешолуы

Оңтүстік Корея құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын сәтті бастады. А тобының бірінші турындағы кездесуде корей футболшылары Чехияны 2:1 есебімен жеңді.
Матчтағы есеп 59-минутта ашылды. Чехия құрамасының қорғаушысы Ладислав Крейчий өз командасын алға шығарды. Алайда араға сегіз минут салып Хван Ин Бом таразы басын теңестірсе, 80-минутта О Хён Гю жеңіс голын соғып, Оңтүстік Корея құрамасына үш ұпай сыйлады.
Бірінші тур қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея үш ұпаймен А тобында екінші орында тұр. Топ көшбасшысы Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген Мексика құрамасы. Чехия үшінші сатыға жайғасса, ОАР құрамасы соңғы орында келеді.
Екінші турда корейлер 19 маусымда Мексикамен кездеседі. Ал 25 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасына қарсы ойнайды. Чехия құрамасы 18 маусымда ОАР-мен күш сынасып, топтық кезеңді Мексикаға қарсы матчпен аяқтайды.
Тартысты кездесудің бейнешолуын осы сілтеме арқылы көре аласыз.