Канада – Қатар матчының үздік ойыншысы анықталды
Бөлісу

Фото: ФИФА
Канада құрамасының шабуылшысы Джонатан Дэвид 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Катарға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.
«Ювентус» клубының форварды хет-трик жасап, өз командасына 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті. Дэвидтен бөлек Кайл Ларин мен Натан-Дилан Салиба гол соқты, ал бір допты Қатар жартылай қорғаушысы Мохамед Аль-Маннаи өз қақпасына жіберіп алды.
Екі турдан кейін Канада төрт ұпаймен В тобында көш бастап тұр. Швейцария да төрт ұпай жинап, екінші орында келеді, ал Босния және Герцеговина мен Катарда бір ұпайдан бар.
Соңғы турда Канада Швейцариямен ойнайды, ал Босния және Герцеговина Қатарға қарсы кездеседі.