Канерва Қазақстан құрамасындағы қызметі туралы қауесеттерге жауап берді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Финляндия құрамасының бұрынғы бас бапкері Маркку Канерва Қазақстан ұлттық құрамасына тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ-та 61 жастағы маман Талғат Байсуфинов кеткеннен кейін бос қалған қызметке негізгі үміткерлердің бірі екені хабарланған еді. Алайда фин маманы мұндай келіссөздер туралы ештеңе білмейтінін айтты.

Канерваның сөзінше, Қазақстан футбол федерациясының өкілдері онымен байланысқа шықпаған.

«Маған ешкім хабарласқан жоқ. Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін», – деп келтіреді бапкердің сөзін Yle Urheilu.

Сонымен қатар маман жаңа ұсыныстарға толықтай жабық емес екенін жеткізді. Канерва мансабын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатқанын, алайда қазіргі уақытта еуропалық клубтық футболда жұмыс істеуге көңіл бөлгісі келетінін атап өтті.

Еске салайық, Талғат Байсуфинов 2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Қазақстан футбол федерациясы оның өз еркімен жазған өтінішін қабылдады.

Канерва Қазақстан құрамасындағы қызметі туралы қауесеттерге жауап берді – sport-hub