Каннаваро Өзбекстанның ӘЧ-дегі дебюттік матчының қорытындылады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Gazeta.uz

Фото: Gazeta.uz

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро командасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы дебюттік ойынынан кейін әсерімен бөлісті. Бұл матчта оның шәкірттері Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілді.

Итальяндық маман команда үшін бұл кездесудің, жеңіліске қарамастан, маңызды тәжірибе болғанын атап өтті.

«Біз ойынды бақылауға алуға тырыстық. Колумбия сияқты командаға қарсы допсыз ойнау оңай емес. Біз бұл ойынды және осы стадионды есте сақтаймыз, себебі бұл тарихи матч. Біз әлем чемпионатындамыз. Бүгінгі кездесу біз үшін пайдалы болды. Қателіктер болды, біз олармен жұмыс істейміз», – деп Каннавароның сөзін Zamin.uz келтіреді.

Бірінші турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен K тобын бастап тұр. Португалия мен Конго ДР 1:1 есебімен тең ойнап, бір-бір ұпайдан еншіледі, ал Өзбекстан кестенің соңында тұр.

Екінші турда Колумбия ДР Конгоға қарсы ойнайды, ал Өзбекстан Португалиямен кездеседі.