Луис Диас Өзбекстанмен болған матч жайында өз пікірімен бөлісті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Луис Диас 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турында Өзбекстанға қарсы (3:1) өткен матчтан кейін өз пікірін білдірді.

Колумбия құрамасының шабуылшысы бұл ойында гол соғып, нәтижелі пас берді.

Ол үшін бұл матч ерекше маңызға ие екенін айтып, бала күнгі арманы орындалғанын жеткізді.

«Бүгін мен өз балалық арманымды жүзеге асырдым. Өйткені ұлттық құрама сапында әлем чемпионатында ойнадым. Ал командама гол соғып әрі пас беріп көмектескеннен артық не болуы мүмкін? Біз өте ұйымшыл командамыз, әр ойында күшейе береміз, мен өте, өте қуаныштымын», – деді Диас.

Бірінші турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен K тобында көш бастап тұр. Португалия мен Конго ДР 1 ұпайдан жинаса, Өзбекстан ұпайсыз соңғы орында.

Луис Диас Өзбекстанмен болған матч жайында өз пікірімен бөлісті – sport-hub