Каннаваро Португалияға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFA

Фото: UFA

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалияға қарсы матч алдында өз пікірімен бөлісті.

Италиялық маман қарсыластың деңгейіне жоғары баға беріп, өз командасының оң нәтижеге қол жеткізуге тырысатынын айтты.

Каннавароның сөзінше, Португалия әлем чемпионатындағы ең мықты құрамалардың бірі. Оның қатарында жоғары деңгейдегі қаптал ойыншылары  және футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі бар.

Сондай-ақ бапкер Португалияның ойын стилін жан-жақты зерттегендерін атап өтті. Оның айтуынша, португалиялықтар допты бақылауды ұнатады және матчтарды өте белсенді бастап, қарсылас қорғанысын ерте бұзуға тырысады.

Маман Өзбекстан құрамасының да өз жоспары мен тактикасы бар екенін айтып, команда алаңда өз ойынын көрсетуге күш салатынын жеткізді.

Айта кетейік, бірінші турда Өзбекстан Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілсе, Португалия  Конго ДР-мен 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Португалия мен Өзбекстан арасындағы кездесу 23 маусым күні Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.