«Каспий Ж» «Астана Ж» командасын ірі есеппен жеңді

Фото: ФК «Каспий»
Ақтаулық «Каспий Ж» Қазақстан чемпионаты Бірінші лигасының 24-туры аясында өз алаңында «Астана Ж» командасын сенімді жеңді.
Ақтаулықтар қарсыласының қақпасына жауапсыз алты гол соқты.
Кездесу басталғаннан-ақ алаң иелері басымдық танытты. Екінші минутта Нұрсұлтан Абдулла есеп ашты. Арада бес минут өткенде Әли Қуантай есеп айырмасын ұлғайтса, 19-минутта Нұрали Елемес «Каспий Ж» командасының басымдығын үш голға жеткізді.
Бірінші тайм аяқталғанша алаң иелері тағы бір гол соқты. 35-минутта Ерлік Жұмабай мергендігімен көзге түсіп, есепті 4:0-ге жеткізді.
Үзілістен кейін де «Каспий Ж» ойын қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 74-минутта Нұрмұхаммед Ислам елордалық команданың қақпасын бесінші рет дәл көздеді. Ал 88-минутта Құрбанов «Каспий Ж» сапында алтыншы голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
Бірінші лига, 24-тур
«Каспий Ж» – «Астана Ж» – 6:0
Голдар: 2, Абдулла, 7, Қуантай, 19, Елемес, 35, Жұмабай, 74, Ислам, 88, Құрбанов.
6:0 есебіндегі жеңіс «Каспий Ж» командасына үш ұпай әкелді. 24 турдан кейін ақтаулық клубтың еншісінде 28 ұпай бар және команда турнир кестесінде сегізінші орында келеді.
«Астана Ж» 33 ұпаймен бесінші орында қалды.