Кенин US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында Винус Уильямсты жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Америкалық Софья Кенин «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеті дүркін чемпионы Винус Уильямсты жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті.

Әлемнің 110-ракеткасы 46 жастағы отандасын 6:2, 7:6 (8:6) есебімен жеңді. Матч 1 сағат 49 минутқа созылды.

Уильямс бірде-бір эйс жасамады, бес рет қосарланған қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Кенин бір рет эйс жасап, төрт рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын беру кезіндегі тоғыз мүмкіндіктің төртеуін брейкке айналдырды.

Уильямс үшін бұл US Open турнирінің негізгі кезеңіндегі 26-шы ойыны болды. Турнирдің екі дүркін чемпионы Нью-Йоркте 2019 жылдан бері бірінші айналымнан әрі аса алмай келеді. Сонымен қатар, америкалық теннисші жекелей сындағы қатарынан 15-ші жеңілісіне ұшырады.

Екінші айналымда Кенин әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі.

Айта кетейік, Софья Кенин 2020 жылы Australian Open турнирінде жеңімпаз атанып, сол жылы «Ролан Гаррос» финалына дейін жеткен.