Хачанов Блокстың бас тартуынан кейін US Open жартылай финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@usopen

Фото: x_@usopen

Әлемнің 50-ракеткасы Карен Хачанов ATP рейтингінде 34-орында тұрған Александр Блоксты жеңіп, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды. Ресейлік теннисші алғашқы екі партияда 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, үшінші сетте брейкпен 3:2 есебімен алға шықты. 21 жастағы бельгиялық спортшы физикалық жағдайына байланысты қиындықтарға тап болып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Хачанов алты эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Блокс сегіз рет эйс жасап, төрт қосарланған қателікке жол берді. Сондай-ақ қарсыласының добын қабылдаудағы екі мүмкіндіктің бірін де пайдалана алмады.

Айта кетейік, Хачанов үшін бұл – «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі мансабындағы үшінші жартылай финал. Бұған дейін ол 2022 жылғы US Open және 2023 жылғы Australian Open турнирлерінде осы кезеңге дейін жеткен, алайда финалға шыға алмаған. 2024 жылы ол Almaty Open турнирінің финалында канадалық Габриэль Диаллоны жеңіп, жарыс чемпионы атанды. Хачанов сондай-ақ 17-25 қазан аралығында өтетін Almaty Open-2026 турниріне қатысатынын растады.

Ресейлік теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверев пен ATP рейтингінде 30-орында тұрған Ботик ван де Зандсхулп арасындағы матчтың жеңімпазы болады.