Тиафо камбэк жасап, US Open-2026 жартылай финалына шықты

Фото: x_@usopen
Әлемнің 12-ракеткасы Фрэнсис Тиафо америкалық Алекс Михельсенді (ATP рейтингінде 46-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты.
4 сағат 39 минутқа созылған кездесу 5:7, 3:6, 7:5, 6:3, 7:6 (10:6) есебімен Тиафоның пайдасына аяқталды.
Михельсен алғашқы екі сетте жеңіске жетіп, үшінші партияда брейкпен алға шықты. Ол 5:4 есебінде матчқа доп беріп, кездесуді аяқтауға мүмкіндік алды. Алайда Тиафо таразы басын теңестіріп, кейін матчты шешуші сетке жеткізді.
Бесінші партияда Михельсен тағы да брейк жасап, алға шыққанымен, Тиафо есепті теңестіріп, шешуші тай-брейкте қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, бұл Тиафоның соңғы бес жылдағы US Open турниріндегі үшінші жартылай финалы. Бұған дейін америкалық теннисші үйіндегі «Үлкен дулыға» жарысында 2022 және 2024 жылдары осы кезеңге дейін жеткен.
Енді Тиафо финалға шығу үшін испаниялық Карлос Алькарас пен америкалық Бен Шелтон арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.