US Open-2026: ерлер арасындағы ширек финалдың барлық жұбы анықталды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@carlosalcaraz

Фото: x_@carlosalcaraz

US Open-2026 турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында ширек финалдың барлық төрт жұбы анықталды.

Ширек финалдағы жұптар:

  • Александр Зверев (Германия) – Ботик ван де Зандсхулп (Нидерланд);
  • Карен Хачанов (Ресей) – Александр Блокс (Бельгия);
  • Фрэнсис Тиафо (АҚШ) – Алекс Михельсен (АҚШ);
  • Бен Шелтон (АҚШ) – Карлос Алькарас (Испания).

Еске салайық, бұған дейін төртінші айналымда Зверев Лучано Дардериді жеңсе, ван де Зандсхулп Артур Жеаны ұтты. Хачанов Тьенді жолдан шығарса, Блокс Франсиско Серундолодан басым түсті. Ал Тиафо Даниил Медведевті жеңді.

Михельсен Томас Мартин Этчеверриден басым түссе, Алькарас Томми Полды жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Шелтон болса Стефанос Циципасты жарыстан шығарды.

US Open-2026 турнирінің ширек финалдық матчтары 8 және 9 қыркүйекте өтеді. Ерлер арасындағы финал 13 қыркүйекке жоспарланған.

US Open-2026: ерлер арасындағы ширек финалдың барлық жұбы анықталды – sport-hub