Хави Нидерланд құрамасына тағайындалуы туралы: «Мен қысымды сезінемін, бірақ оны жақсы көремін»

Бекарыс Әлімхан··
Фото: RTL Nieuws

Фото: RTL Nieuws

Нидерланд құрамасының жаңа бас бапкері Хави Эрнандес қысымға дайын екенін және бастаманы өз қолына алып, жеңіске жетуге қабілетті команда құрғысы келетінін айтты.

Испаниялық маман ұлттық құраманың тізгінін ұстағаннан кейінгі міндеттері туралы айтып берді.

«Мен бұл елде шетелдік бапкер екенімді білемін. Бірақ мен мұнда федерацияға, бапкерлер штабына және ойыншыларға көмектесу үшін келдім. Мен жеңіске жеткім келеді. Мен қысымды сезінемін, бірақ оны жақсы көремін. Мен жеңімпазбын және толықтай дайынмын», – деп келтіреді Хавидің сөзін RTL Nieuws.

Еске салайық, Нидерланд футбол федерациясы Хавидің тағайындалғанын 12 тамызда жариялаған болатын. Маманның келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін есептелген.

Хави басқаруындағы Нидерланд құрамасының алғашқы қарсыласы Германия болады. Ұлттар лигасының матчы 24 қыркүйекте Амстердамда өтеді. Үш күннен кейін Хавидің командасы Сербиямен сырт алаңда ойнайды.

Хавидің бұған дейінгі клубы «Барселона» болды. Ол каталониялық клубты 2021 жылдың қарашасынан 2024 жылдың мамырына дейін жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «Барселона» Ла Лига мен Испания Суперкубогын жеңіп алды.

Хави Нидерланд құрамасына тағайындалуы туралы: «Мен қысымды сезінемін, бірақ оны жақсы көремін» – sport-hub