«Хетафе», «Твенте» немесе ЦСКА: «Тобыл» Конференциялар лигасындағы мүмкін қарсыластарын білді

Бегасыл Амирбай ··
«Хетафе» ФК

«Хетафе» ФК

УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раундында қостанайлық «Тобылдың» мүмкін қарсыластарын анықтады.

Екі матчтың қорытындысы бойынша сербиялық «Партизанды» жеңген жағдайда, «Тобыл» келесі қарсыластардың бірімен кездеседі:

испаниялық «Хетафе»;

«Твенте» (Нидерланд) – ДАК 1904 (Словакия) жұбының жеңімпазы;

«Бейтар» (Израиль) – «Аустрия» Вена (Австрия) қарсыласуының жеңімпазы;

«Маккаби» Тель-Авив (Израиль) – ЦСКА София (Болгария) жұбының жеңімпазы.

Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты «Тобыл» 7 тамыз күні Белградта өткізеді. Бастапқы ысқырық Қазақстан уақытымен 00:00-де соғылады.

Қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раундына жолдама алады.

«Хетафе», «Твенте» немесе ЦСКА: «Тобыл» Конференциялар лигасындағы мүмкін қарсыластарын білді – sport-hub