«Тобыл» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді
Бөлісу

«Тобыл» ФК
Қостанайдың «Тобылы» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Белградтың «Партизанына» қарсы ойнайды.
Қазақстандық клуб бұл кезеңге оңай жеткен жоқ. Литваның «Паневежисімен» өткен екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 2:2 болды. Жолдама тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда «Тобыл» футболшылары 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал «Партизан» алдыңғы кезеңде сенімді ойын көрсетті. Сербиялық ұжым Люксембургтің «УНА Штрассен» командасын екі матчтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен ұтты.
Алғашқы матч 6 тамызда Белградта өтеді. Жауапты кездесу 13 тамызда Қостанайда болады. Жеңімпаз келесі кезеңге жолдама алады.