Хусанов ӘЧ-да операторға соқтығысқаннан кейін кешірім сұрады
Бөлісу

Фото: Getty Images
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Колумбияға қарсы матчтан (1:3) кейін телеоператорға жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.
Оқиға ойын барысында бүйір сызық маңындағы допқа талас кезінде футболшының оператор камерасына байқаусызда соқтығысуынан болған.
Өзбекстан футбол қауымдастығының мәліметінше, ұйым өкілдері кейін оператордың жағдайын біліп, оған арнайы қолтаңбасы бар жейде сыйға тартқан.
Абдуқодир Хусанов өзі де операторға тез сауығып кетуін тілеп, қолдау сөздерін жеткізген.
Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусымда Португалияға қарсы өткізеді.